Д.Қонаев атындағы №44 мектеп – гимназиясының 2025-2026 оқу жылында Желтоқсан-«Бірлік пен ынтымақ» айының 2-і күні 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің британдық Heriot-Watt University халықаралық кампусын таныстырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: 11- сынып түлектеріне мамандық түрлерімен таныстыра отырып мектеппен байланысты орнату, оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына жол көрсету.
Кездесу барысында: К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің британдық Heriot-Watt University халықаралық кампустың гранттық негізде тегін оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Британдық диплом алу шарттарын түсіндірді. Университетін барлық мүмкіндіктерімен таныстырып айтылды.














