2025 жылғы 12 желтоқсан күні 3 сыныптардың қатысуымен Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік тәрбие шарасы өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің мәнін түсіндіру, елін сүйетін, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу.
Мерекелік кештің ашылуы Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет белгісі ретінде ҚР Әнұраны орындалды.
Оқушыларға Отан, Тәуелсіздік, татулық туралы сұрақтар қойылып, оқушылар белсенді түрде өз ойларымен бөлісті.
3 “а”, 3 “в”, 3 “з” сынып оқушылары тәуелсіздікті жырға қосып, «Тәуелсіздік ел ұраны» әнін әсем орындады.
3 “б”, 3 “д”, 3 “е”, 3 “ж” сынып қыздары Тәуелсіздікке арналған әдемі би қойылымын орындап, шараға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Оқушылар жырдан шашу шашып, патриоттық жырлар оқыды.
3 “в”, 3 “г” сыныбының биші қыздардың ұлттық нақыштағы қазақ биі шараның сәнін келтірді.
Шара барысында оқушылар Тәуелсіздік тарихына қысқаша шолу жасады. Олар Желтоқсан оқиғасы, бабалар арманы, ел тәуелсіздігіне жеткізген маңызды кезеңдер туралы мәлімет беріп, Қазақстанның өткенінен бүгінге дейінгі жетістіктерін атап өтті.
Оқушыларға ұлттық күйлерді насихаттау мақсатында Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйі орындалды.
3 “ж”, 3 “з” ұлдарының «Батырлар биі» көрермендер назарына айналды. Ерлік пен батырлықты бейнелейтін би арқылы оқушылар ел қорғаған батырларға құрмет көрсетті.
Шара соңында бастауыш сынып оқушыларынан құралған хор «Атамекен» әнін орындады.
Шара өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенді қатысып, өз өнерлерін, патриоттық сезімдерін көрсетті. Тәуелсіздіктің құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, елге деген сүйіспеншіліктерін нығайтты.
Шара соңында бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Гүлбану Жеңісқызы қорытынды сөз сөйлеп, оқушылар мен мұғалімдерге алғысын білдірді.
Бұл тәрбие шарасы оқушылардың ұлттық рухын көтеріп, елін, жерін сүюге тәрбиелеуде маңызы зор іс-шара болды.














