Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен өткен 9–10-сыныптарға арналған жауқазын күздің әсемділікке бағытталған байқауы «КҮЗГІ БАЛ» кеші өтті.
Байқауға орай, гимназиямызға қазылар алқасының Төрайымы болуға арнайы шақыртумен ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет белгі» төсбелгісінің иегері, Х.Бөкеева атындағы облыстық Қазақ драма театрының актрисасы, режиссёр МАМЕДОВА ЖҰЛДЫЗ ҚАЙРБЕКҚЫЗЫ келді.
Кеш соңында лайық деп танылған жұптар марапатталып, 10«Г» сыныбының қос оқушысы Кулекешов Дияс – Акрамова Алия бас жүлдеге ие болып,«Күз ханшайымы & ханзадасы» аталымын иеленді.














