Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 24-28 ақпан аралығында жылдық жоспарға сай 1-10-сыныптарда "Абай деп соққан жүректер" тақырыбында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған тәрбие сағаттары жоғары деңгейде өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдеттерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @batys_kz @uralskakimat @abat_shynybekov @bqobilim @oral_ovp