Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Әділдік және жауапкершілік» құндылығын дәріптеу мақсатында Қаңтар - «Заң және тәртіп» айының 13-ы күні «Шабыт қабырғасы» жобасы бастау алды.
Бұл жоба «Мектеп парламенті» мен «Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшелерінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.
«Шабыт қабырғасы» – оқушылардың өз шығармашылық ойлары мен ізгі тілектерін жеткізетін ерекше алаң. Қабырғаға оқушылар мектепте өткізгісі келетін қызықты шаралар мен идеяларын, сондай-ақ бір-біріне арнаған жылы лебіздері мен тілектерін жазып қалдыруда.
Бұл бастама – мектеп қауымдастығының әр мүшесінің пікірі маңызды екенін көрсетіп, жаңа жобалар мен шараларға шабыт береді.