Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 26 ақпан күні бастауыш бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен "Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану - оқу мақсатын жүзеге асыру жолы" тақырыбындағы қалалық жас мамандар семинары жоғары дейгейде өтті.
Мақсаты: Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқу мақсатын жүзеге асыру жолдарын іс-тәжірибеден көрсету.
Семинардың практикалық бөлімі бойынша
4"А"сыныбында әдебиеттік оқу пәні бойынша Н.Б.Байдашеваның "Құмы да қымбат туған жер" тақырыбында, 4"Д"сыныбында математика пәні бойынша А.М.Құрманбаеваның "Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептер" тақырыбында, 4"Г"сыныбында математика пәні бойынша М.Қ.Жангалиеваның "Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептер" тақырыбында, 4"Б"сыныбында қазақ тілі пәні бойынша Ж.С.Нұрмуханбетованың "Есімдік" тақырыбында, 4"В"сыныбында жаратылыстану пәні бойынша С.Ғ.Рахметуллинаның "Пайдалы қазба дегеніміз не?" тақырыбында, 4"Е"сыныбында дүниетану пәні бойынша Г.Мухамбеткалиеваның "Қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәні" тақырыбында жаңаша әдістермен ашық сабақтары өткізілді.
"Тиімді әдіс-тәсілдер тәжірибемде" тақырыбындағы теориялық бөлім барысында Айтмағамбетова Н.А., Табылдиева А.Е. "Prezi мен Plikers бағдарламасын сабақта тиімді пайдалану", Исмагулова М.Б., Аязбаева Н.Е. "Бағалаудың түрлерін тиімді қолдану", Кукенова В.М., Қабдулқай А.А. "Ресурстар - оқушының танымдылық қабілетін арттырудың көрнекі құралы", Бекмулдина Ж.М., Сатыбалды Ж.О. "Рефлексия, кері байланысты тиімді қолдану" тақырыбында мастер-кластар өткізсе, Қарағойшина Г.Ж. "Зейін, есте сақтау - оқушы білімінің тұрақтылығын қалыптастыру дағдысы" тақырыбында керемет шеберлік сағатын өткізген болатын. Семинар соңында кері байланыс жасалып, пікір алмасты.
Жас мамандар Ж.Аймауытовтың "Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан - жаңаны табатын өнер" - деген сөзін басшылыққа ала отырып, әрдайым жаңаша ойлап, жаңаша әрекет етуді мақсат етті.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @batys_kz @uralskakimat @abat_shynybekov @bqobilim @oral_ovp