Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 19 ақпан күні тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Туған елге тағзым» әлеуметтік жобасы қорғалды.
Әлеуметтік жоба мақсаты: Оқушыларды туған өлке тарихын білуге, құрметтеуге, сыйлауға баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ізденімпаздыққа, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.
Туған жерді сүю парыз, сүю үшін білу парыз. Орал – Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Қаламыздың географиялық тұрған жері де бір құрлықты құрайтын әлемнің екі бөлігі – Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жерінде орналасқан. Орал – ірі ғылыми және мәдени орталықтар қаласы. Осы ретте, шаңырақтарға қаламыздағы мұражайларға барып, жан-жақты танысып, әлеуметтік жоба ретінде қорғауға тапсырма берілген болатын. Неге мұражай десеңіз, мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай – әр елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық.
Әлеуметтік жоба қорытындысы:
5 «А», 5 «Б» - «Мәңгілік ел» шаңырағы: 🥈
5 «В», 5 «Г» - «Жарқын» шаңырағы: 🥉
5 «Д», 5 «Е» - «Ынтымақ» шаңырағы: 🥇
6 «А» - «Хан орда» шаңырағы: 🥉
6 «Б», 6 «Ж» - «Ханшатыр» шаңырағы: 🥇
6 «В», 6 «Г» - «Сұңқар» шаңырағы: 🥈
6 «Д», 6 «Е» - «Шексіздік» шаңырағы: 🥇
7 «А», 7 «В» - «Болашақ» шаңырағы: 🥉
7 «Г», 7 «Е» - «Оқжетпес» шаңырағы: 🥇
7 «Б», 7 «Д» - «Хан Тәңірі» шаңырағы: 🥈
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @batys_kz @uralskakimat @abat_shynybekov @bqobilim @oral_ovp