44 мектеп-гимназиясында 20-25 қаңтар аралығында "Білім беру нәтижесіне қол жеткізу үшін цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану" тақырыбында жаратылыстану пәндері бірлестігі бойынша әдістемелік семинары оздырылды.
□22 қаңтар күні география пәні бойынша 10"А" сыныбында өткен шаруашылық салаларын орналастыруда кеңістіктік факторларды және дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын заманауи орналастыру факторларын талдау мақсатында "Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары" тақырыбындағы Л.Т.Кенжеалиеваның сабағы;
◇Биология пәні бойынша 9"А"сыныбында өткен митоздық бөліну кезінде болатын биологиялық өзгерістерді анықтау, клетканың бөліну кезіндегі фазаларды талдай білу мақсатында "Митоз, оның сатылары" тақырыбындағы Г.У.Закиеваның сабағы;
◇Химия пәні бойынша 7"Г"сыныбында өткен сұйылтылған қышқылдардың металдармен реакцияларын зерттеу, сутек газының сапалық реакциясын білу және жүзеге асыру мақсатында өткен "Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі" тақырыбындағы Г.А.Кабылкаированың сабағы;
◇Жаратылыстану пәні бойынша 6"В" сыныбында өткен тірі ағзаларға тән үдерістерді анықтау, ағзалардың қоректену типтерін ажырату, ағзалардың автотрофты, гетеротрофты екендігін талдау, қоректену типтері бойынша жіктеп, ағзалардың қоректену типіндегі ұқсастық пен айырмашылықтарды сипаттау мақсатында "Тірі ағзаларға тән үдерістер" тақырыбындағы Г.Ө.Сейтеннің сабағы;
□23 қаңтар күні жаратылыстану пәні бойынша 5"Б"сыныбында өткен жаратылыстану пәні бойынша тірі ағзалардың қасиеттерін сипаттай білуге дағдыландыру мақсатында "Тірі ағзалардың қасиеттері" тақырыбындағы Д.М.Исмагулованың сабағы;
□24 қаңтар күні география пәні бойынша 9"А"сыныбында өткен Қазақстанның ірі табиғи-аумақтық кешендерінің ерекшеліктерін анықтау мақсатында "Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары. Қазақтың табиғи хоронимдері" тақырыбындағы К.Е.Ризуанованың сабағы;
◇География пәні бойынша 8"В"сыныбында өткен халық санағы туралы түсінік қалыптастыру, халық санағын анықтаудың артықшылығын түсіндіру, халық саны жоғары елдермен танысу мақсатында "Халық санағы" тақырыбындағы В.Т.Аппакаеваның сабағы;
◇Биология пәні бойынша 7"В"сыныбында өткен өсімдіктердің қозғалыс түрлерін ажырата отырып, қозғалыстың маңызын сипаттау мақсатында "Тірі ағзалардың қозғалу себептері" тақырыбындағы А.Т.Имангалиеваның сабақтары жоғары деңгейде өтті.
Жаратылыстану пәндері бірлестігінің мұғалімдері цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалана отырып, әр сабақты жоғары деңгейде өткізе білді.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @batys_kz @uralskakimat @abat_shynybekov @bqobilim @oral_ovp»