«Шаңырақ» ұғымының халқымыздың ұлттық мәдениетіндегі орны ерекше. Шаңырақ — мемлекеттiң негiзi — отбасының бейнесi болып табылады. Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының негiзiн құрайтын Шаңырақ мазмұны және оның дүниетанымдық мәні тереңде.
Осы тұрғыда 44 мектеп-гимназиясында 2018 жылдан бастап «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жұмыс жасауда.
Әр «Шаңырақтың» өз аты, белгілері, ұраны бар.
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының міндеттері:
- Оқушыларды салауатты бәсекелестікке баулу;
- Сынып оқушыларының бойында көшбасшылық қасиетін дамыту;
- Бірлескен, біріккен, ұйымшыл командалар құру;
- Әр жастағы оқушылардың өзара ынтымақтастығы;
- Сабаққа дайындық барысында және сабақтан тыс уақытты ұйымдастыруда бір-біріне көмек көрсету.
Оқу жылы барысында «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы арасында әр түрлі жарыстар, сайыстар, ойындар, тренингтер, флешмоб, ән айту, челлендждер өткізіліп, оқушылардың әр күні жоғары көңіл-күйде болады.
Шаңырақтар:
5 а,б - "Мәңгілік ел" шаңырағы;
5 в,г - "Жарқын" шаңырағы;
5 д,е - "Ынтымақ" шаңырағы;
6 а - "Хан Орда" шаңырағы;
6 б,ж - "Ханшатыр" шаңырағы;
6 в,г - "Сұңқар" шаңырағы;
6 д,е - "Шексіздік" шаңырағы;
7 а,в - "Болашақ" шаңырағы;
7 б,д - "Хан Тәңірі" шаңырағы;
7 г,е - "Оқжетпес" шаңырағы;
8 а,г - "Достық" шаңырағы;
8 б,в - "Дарын" шаңырағы;
9 а,б - "Бәйтерек" шаңырағы;
9 в,г - "Тұлпар" шаңырағы.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @batys_kz @uralskakimat @abat_shynybekov @bqobilim @oral_ovp