44 мектеп-гимназиясында 13 қаңтар күні қазақтың біртуар жазушысы, жерлес ақын атамыз Қадыр Мырза Әлінің 85 жыл толуына орай «Қойын дәптеріңе түртіп ал» атты әдеби кеш өтті.
Шара барысында кітапханашы ақын өмірі мен шығармаларына жекелеп тоқтап, ақынның кітаптарына библиографиялық шолу жасап, оқушылармен ой бөлісті. Кейін Қазбек Аяулым «Бәріде Ана», Маратов Қайсар «Туған жер», Оспанова Аружан «Домбыра», Жексенбай Ару «Ауылды аңсау» сынды өлеңдерін мәнерлеп оқып кештің сәнін кіргізді.
Шара соңында оқушылардан поэзиялық кештен кейінгі әсерлері сұралып, ақынның қай өлеңін "Қойын дәптерлеріңізге түртіп аласыздар?" деген сауалдар қойылып, жауап алынды. Шара ақынның сөзіне жазылған, әні Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін шырқаумен аяқталды.
Қадырдың қадірін арттырып, өзгелерден өзгешелеп тұратын да осындай ой мен сезімнің тұтасқан бір бүтінге айналып, өлең өмірінің әр кезде де жаңаша сипатта көрінуі, шығарма шешімінің әрқашан да біз күтпеген тұстан келіп шығып, ойлануға итермелеуінде, оның өлеңдері білімге, еңбекке, Отанын сүюге, қастерлеуге шақырады.
Өткізген: кітапханашы Меңдіғұлова С.Б.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @batys_kz @uralskakimat @abat_shynybekov @bqobilim @oral_ovp #ҚадырМырзаӘлі85