44 мектеп-гимназиясында 13 желтоқсан күні тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен "Қасиетіңнен айналдым, Тәуелсіздік!" атты концерттік шарасы өтті.
Шара мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш-қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар-намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде.
Шара барысында 5-6-сынып оқушылары "Туған жер", "Тәуелсіз қазақ қызымын", "Қазақстаным менің" атты патриоттық әндерін шырқаса, "Айкөркем" би ансамблі "Қарлығаш" биімен мектеп ұжымына керемет көңіл-күй сыйлады.
Жеткен арман - жаса Тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерлік, тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін - деген өлең шумақтарымен 1 және 3-сынып оқушылары өлеңдерін арнап, сонымен қоса 9-сынып оқушысы Утепов Алихан "Еңбек" термесімен жүректерді тебірентті.
Шара соңында 44 мектеп-гимназиясының директоры - Ақжарқын Мүтиғоллақызы өнерлі оқушыларға және жетекшілері - Қобылан Балтаұлына, Эльмира Жұмажанқызына, Сандуғаш Қаршығақызына, Гүлмира Екпінқызына, Ботагөз Маратқызына алғысын білдірді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Еліміздің белгісі - көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы
@batys_kz @uralskakimat @abat_shynybekov @bqobilim @oral_ovp