Барлық мектепте әр тоқсан аяқталған соң білім сапасы салыстырылады. Білім сапасынын тексеру , салыстыру білім беру стандартының орындалуның негізгі көрсеткіші болмақ. Олай болса салыстырмалы түрде төмен білім сапасын көрсеткен сыныптардың сапасын көтеру керектігі басты назарға алынуы керек.
Осы мақсатта мектебімізде әр сыныптар бойынша ІІ- ші оқу тоқсанында «Білім сапа нәтижесі –білім алушының оқу мақсатына жеткен дәлелі» тақырыбын ала отырып , «100 мақсат, 100 әрекет, 100 үрдіс » деп аталатын мектепішілік жобалар жүргізілді. Бұл жобалар білім сапасын төмен көрсеткен пәндердің пән мұғалімдерін біріктірді, негізгі мақсат 3-ші тоқсанда төмен сапа көрсеткен сыныптармен жоба арқылы жұмыстана отырып, сапаны көтеру, ол үшін оқушының қызығушылығын ояту, сынып ішінде оқушылыр арасында жағымды бәсекелестік орнату көзделді. Жобалар әр буында түрліше аталып, сол аталған жобаға сәйкес жұмыстар жүргізілді.
5 сыныптарда «100 ойын»
6 сыныптарда «100 өлең»
7 сыныптарда «100 алғыс»
8 сыныптарда «100 зерттеу»
9 сыныптарда «өзін-өзі реттеудің 100 мүмкіндігі»
10 сыныптарда «100 сұрақ 100 эссе»