44 мектеп-гимназиясында 3 желтоқсан күні Орал қаласының білім беру бөлімі құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі жұмыс тобының хаттамасын орындау және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу және күресу мақсатында 10-сынып оқушыларына және мектеп ұжымына "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы негізінде кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кездесу кешіне зорлық-зомбылық орталығының әлеуметтік педагогы Қожағалиева Жеңісгүл Оразғалиқызы оқушыларға "Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы #зорлықзомбылықтыңалдыналу #құқықбұзушылықжәнезаңдыжауапкершілік @oral_bilim