44 мектеп-гимназиясында 27 қараша күні Маңғыстаудың киелі топырағынан түлеп ұшқан, болмысы жаңа, мерейлі, береке бітімі ерекше, ел тарихында айрықша ауқымды ардақталатын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, қарымды да толымды Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттай отырып, оқушыларды кітап оқуға шақыру мақсатында 9-сынып оқушылары арасында RED-X форматында “Туған жер – киесі, Дархан дарын — иесі” атты шара оздырылды.
Әбіш Кекілбаев табиғи талантынан бастау алған әлемдік әдебиеттің небір інжу-маржанынан сыр арқауын тартқан шығармасымен, елінің ертеңіне сарабдал ой тастап, бүгінгісіне шеберлікпен талдау жасаған саясаткерлік, қайраткерлік, азаматтық парызы биік, телегей талант иесі екендігімен мәлім.
Шара барысында оқушылар "Әбіш Кекілбаевтың өмірі туралы", "Күй аңызы", "Ханша Дария" хикаясы, "Үркер", "Қызық адам", "Шеткері үй", "Шыңырау", "Елең-алаң", "Аңыздың ақыры", "Бір шөкім бұлт" атты шығармалардың мазмұнын таныстырып, талдап өтті.
Кейін шара соңында тыңдармандармен кері байланыс жасау мақсатында оқушыларға текшелер таратылды. Яғни, оқушылар Әбіш Кекілбаевтың өзіне ұнаған шығармасын оқығысы келсе, көк текше, оқуға деген ынтасы болмаса, қызыл текше, ойланатын болса, сары текшелер көрсету арқылы жауаптарын берді.
Шара жоғары дәреже өтіп, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын аша білді.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы #ӘбішКекілбаевтыңшығармаларыннасихаттау