44 мектеп-гимназиясы 22 қараша күні кішкентай талант иесі, мың бұралған биші, оқу озаты, жеңіл атлетика жүлдегері, каратэдан Қазақстан чемпионы Ермек Айару Асылханқызымен қоштасу митингісін өткізді.
Тағдырың неге мұнша қатал болды?
Ерте солған балалық тәтті арманың.
Қуанышын қайғысын қатар көрді,
Көкірек қарсы айрылар қатпарда мұң.
Беделді жинап жанған жарық сәуле,
Тым ерте арамыздан алшақтады,
Барады толып ішім, жанып кеуде,
Жүрегім алаңдаулы аңсап тағы.
Ажарлым, сені қалай қия аламын,
Шәкірттің осал жері адалдығы.
Тербетіп жүргенімен би алаңын,
Қандай адам үйреткен саған мұны.
Теңізін кешпей тұрып бұл өмірдің,
Қиғандай аппақ арын жағалаудан.
Жасымды тия алмай, шын егілдім,
Мәңгілік пейіш тұрсын саған алдан.
Каримоллин Абзал Ғалымұлы
Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,
Тата алмай шаттық өмір тәттілігін.
Жарқырап келе жатқан жұлдыз едің,
Әттең-ай! Ерте сөнді-ау от-ғұмырың.
Шаңырақтың тұңғышы едің, еркесі едің,
Өнердің еншілеп ең ерте шебін.
Періште боп ұшып кеттің аспанға,
Ұмытпайды еш уақытта мектебің!!!
Қуанова Дамира Амангелдіқызы
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы #ЕрмекАйаруАсылханқызы #жаныңжәннаттаболсынАйару