Қазақ – қариясын сыйлаған халық. Осы бір көнеден келе жатқан үйлесім мен үлкенді сыйлау дүниетанымы бүгінгі күні өзгеріске ұшырап, қарияны сыйлаған дәстүр ескінің сарқыншағы іспетті ақырындап, ғасырлардың қойнауына еніп бара жатқанын байқамау мүмкін емес.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету секілді ата-бабадан келе жатқан салтымыз ұмыт болып бара жатқандай. Осындай адамгершілік құндылықтарды бала бойына сіңіріп, қарияны қадір тұту жолында тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ мейірбандық айлығы барысында жылма-жыл дәстүрге айналдырып отыратын 44 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары мен ата-аналары және кураторлары 19 қараша күні "БҚО жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып қайтты. Ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарға арнап шағын концерттік бағдарлама ұсынылып, дастархан жайылды. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан 70 адамға сыйлықтар үйлестірілді. Бұл кездесуден кейін балалар да, «Осындай кездесулер жиі болса екен» деген ниет білдіріп, ата-әжелер де ерекше көңіл-күймен тарқасты. Мұндай іс-шаралар кішкентай баладан, ересек адамға дейін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге болатынына біз сенімдіміз. Қарттарымыз аман болсын!
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы #қарттарымызаманболсын #қарттарынқадірлегенелмықты #атааналарғаАлғысымызшексіз