✍️2021-2022 оқу жылының 2, 3, 5 қараша күндері педагог-психолог Айболат Ерболатұлы мектеп кураторларына “Тәрбие сүйіспеншіліктен басталады”, “Құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері”, “Құндылықтар негізінде ата -аналармен бірлескен жұмыстар” және “Бала шырағын жағуда менің ұстанымым қандай? Заманауи мектептегі оқушы тұлғасының моделі” тақырыптарында оқыту семинарын ұйымдастырды. Мақсаты: кураторларға тәрбие бағытында шығармашылық жұмыстарына серпін беру. Жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету. ХХI ғасырдың ең басты міндеті - бәсекеге қабілетті, ой-өрісі жаңашыл, шығармашылықпен жоғары деңгейде айналысатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Әр істің жүйелі болуына, әр бастаманың нақты орындалуына ниет керек. Құлшыныс болса шабыт келеді. Шабыттану - жан дүниенің шаттығы. Нәтижесінде сенімділікпен рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде мұғалім мен оқушы, ата-ана арасында шынайы қарым-қатынас орнатылса, оқушы тұлғасының үйлесімді дамуына құндылықтар арқылы қол жеткізетіндігі анықталды. Оқыту семинарына қатысушылар психологиялық жаттығулар жасап, оқушы тұлғасының дүниетанымдық және мінез-құлық бағдарлары қамтамасыз етілсе, рухани кемелденген тұлғалардан үлгі-өнеге арқылы өзін-өзі тәрбиелеуде, ізденуде жетістікке қол жеткізуге болатыны туралы еркін пікір алмасып, практикалық тәжірибелермен бөлісті. Семинар қатысушылары өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай бағытта семинар-практикум, тренингтер тұрақты түрде ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.