✍️ «Белсенді оқыту тәсілдерінің тиімділігі» 2021-2022 оқу жылының 4 қараша күні бастауыш мұғалімдерінің тәжірибе алмасу бағытындағы семинар-практикумы өткізілді. Тақырыбы: «Белсенді оқыту тәсілдерінің тиімділігі» Мақсаты: Білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, тәжірибе алмасу; 💡Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. 💡Осы орайда мұғалімдерге ашылу тренинг «Сіз мені жақсы танисыз ба?» тақырыбында өткізілді. Тренинг арқылы мұғалімдер бір бірімен толық танысты. Тренингтің мақсаты бір-бірімізді толық тану, қарым-қатынасымызды жақсарту болатын. Сол сәтте 4 түрлі геометриялық (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш, ромбик) топтарға бөлініп 4 айналым бойынша 1, 2, 3, 4-сыныптарға арналған белсенді әдістерді көрсету бойынша жұмыс жүргізілді. Әр сынып оқушысының жас ерекшелігіне байланысты сабақта қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдерді практикалық түрде көсетті. ✍️1-сынып мұғалімдері Сагидулла А., Сатыбалды Ж. 5, 6, 7 жастағы балаларға арналған әдістерді қолдану тиімділігімен бөлісті. «Белсенді оқу әдісі белсенділікке жетелейді» тақырыбымен 2-сынып мұғалімдері Жангалиева М., Рахметуллина С., Мухамбеткалиева Г. 6, 7 жастағы балаларға арналған, «Белсенді әдіс-тәсілдердің түрлері» тақырыпта, 3-сынып мұғалімдері Хатемова А., Капуова А. 7, 8, 9 жастағыларға жас ерекшелігіне қарай белсенді әдістерді қолдану мүмкіндігін, «Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім беру үрдісінің тиімділігін арттыру» тақырыбында, 4-сынып мұғалімдері: Тоғжанова А., Аябалиева С., Қабылханова А. зерттеу әдістерімен бөлісті. “Интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту” тақырыбында өткізді. Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленетіндігі осы семинар-практикум барысында көрсетіле білді. Семинар-практикумның толық мақсаты ашылды. 💡Соңғы бөлімде мұғалімдер төмендегідей сұрақтарға жауап жазып кері байланыс білдірді ✅Белсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігі неде деп ойлайсыз ? ✅Осы семинардан сіздің алған әсеріңіз қандай? ✅Көрсетілген интербелсенді әдіс-тәсілдерді өз іс-тәжірибеңізде қолдану әдісіңіз? 💡Семинар –практикум өте жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер керемет әдістерімен бөлісіп өз қоржындарын толықтыра түсті. Қорытындысынд а директордың орынбасары Г.Ж.Қарағойшина практиканы теориямен ұштастырып, тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.