🗣Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында “Өзіңді тәрбиелеу қажет пе?” атты 7-8 сынып оқушыларына мектеп психолог маманы Айболат Ерболатұлы дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Оқушылардың мінезінің жағымды жақтарын көрсетуге, өз іс-әрекеті мен эмоция, сезімдерін бағалай білуге, өзімен қоса айналадағы адамдарға құрметпен қарауға үйрету; қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Дөңгелек үстел 3 бөлім бойынша қамтылды және кері байланыс жасалды. 1️⃣Сенің мінезің жағымды ма? Осы бөлімде оқушыларға бойдағы асыл қасиеттерді жарыққа шығару арқылы мейірімді, қайырымды, сабырлы бола алатындығымыз туралы айтылды. 2️⃣Өз ойыңды, сезімің мен іс-әрекетіңді түсіну. Ашу кезінде ерік-жігерімізді бағындырып, эмоцияға берілмей, сезімді тежей білу керектігі жөнінде сөз қозғалды. 3️⃣Өзіңді және өзгелерді сыйла. Адалдық болған жерде біз өзімізге және өзгелерге құрметпен қарауды үйренеміз деген түйінмен қорытыланды. Әр бөлімде өмірге қажет көптеген пайдалы мәліметтер айтылып, оқушылар жақсы көңіл-күйде өз пікір-ұсыныстарын білдірді. #БҚО #Орал_қаласы #44_мектеп_гимназиясы @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @oral_bilim @abat_shynybekov @yerlan__galiev @aigulmynbayeva @oral_ovp @up_uralsk