📚 ✅ Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» бағытының негізгі міндеттерінің бірі - азаматтардың білім деңгейін арттыру болып табылады. Осы орайда Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында 5-сынып оқушылары арасында кітап оқуды насихаттау үшін, рухани даму дағдысын қалыптастыру мақсатында мектеп кітапханасы және “Жас ұлан” өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен READx жобасы өтті. ✅READx – бұл оқырмандардың шабыттандыру алаңы, мұнда жасы мен беделіне қарамастан қатысушылар өз ой толғаулары мен жиып-тергендерін ортаға салады. READx жобасының ұраны «Оқуға ұмтыл!». Қатысушы оқушыларымыз жастарына сай шығармаларды оқып, қалың көпшілікке өз оқыған кітаптарымен бөлісті. Оқыған кітаптарын қызықтыра отырып жарнамалады. Тыңдаушыларға «Оқимын!» және «Ойланамын!» дауыс беру карточкалары таратылып, спикерге кері байланыс берді. Жобаға белсенді қатысып, оқыған кітабымен бөліскені үшін спикерлер марапатталды. Мұндай жоба әсіресе, оқушылардың әлеуметтік желілерде, компьютер мен теледидар алдында уақытты босқа өткізбей, кітап оқуға шақырады. ✅”Кітап маған тақтан да қымбат” - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Сол себепті баршаңызды кітап оқуға шақырамыз!