Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының “Жас ұлан” ұйымы оқушылары 23 қазан күні “Өзіңнен баста - начни с себя” акциясын өткізіп, мектебіміздің ауласы мен айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Оқушыларымыз қаламыздың тазалығына кішігірім болса да өз үлестерін қосып, алдағы уақытта да қала мектептерінің “Жас ұлан” ұйымы оқушыларымен бірігіп “Жүгір де тазала” акциясын ұйымдастырып, сенбілік жүргіземіз деген ұсыныстарын білдірді. Жарайсыңдар! 👍👏🏻 ♻️Әрине, мұндай сенбілік өте қажет. Елім, жерім деген әр азамат өз туған жерінің тағдырына, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауы тиіс. Қаламыздың таза, жайлы және әдемі болуы үшін сенбілік шараларын мүмкіндігінше жиі өткізген жөн. Бұл – еңбек тәрбиесінің және туған жеріне деген қамқорлықты сөзбен емес, іс жүзінде көрсетудің бірден-бір үлгісі.