16 қыркүйек күні Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіміздің басты қонағы - Халықаралық Қонаев қорының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы Нұрлан Дүйсенбайұлы Ізтілеуов. Кеш барысында мектеп-гимназиясының гимні шырқалып, Д.А.Қонаев атамыздың ерлік істері туралы бейнебаян көрсетіліп, қонағымызға сұрақтар қойылды. Нұрлан Дүйсенбайұлы көрермен қауымға атамыздың асыл тектілігі, ұлылығы туралы ой-пікірін айтып, жастарға ақ батасын берді. Кеш соңында мектеп директоры Б.С.Тлекенова сөз сөйлеп, Нұрлан Дүйсенбайұлына алғысын білдіріп, сый-сияпат көрсетті.