Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында «Заманауи ұстаз бейнесі» атты тәжірибелі, шебер ұстаздар мен жас мамандар арасында жас мамандардың ұйымдастыруымен TEDX оздырылды.
Мақсаты: Тәжірибелі ұстаздар мен жас мамандардың «Заманауи ұстаз бейнесі» тақырыбы төңірегінде өздерінің тың идеяларын, ой-пікірлерін ашып айту.
Шарамызға гимназиямыздың шебері, педагогика ғылымдарының магистрі, облысқа танымал тарихшы ұстаз Хамзин Жеңіс Какибаевич, тәжірибелі ұстаз, химия пәнінің мұғалімі Жаннатова Айжан Климовна, жас мамандардан жаратылыстану пәні мұғалімі Болат Сахиұлы, сондай-ақ ағылшын пәні мұғалімі Жалмұқан Жұлдыз Аманқосқызы қатысты. Шарада заманауи ұстаз қандай болу керек? Қандай қасиеттерге ие болу керек? Қандай талаптар қойылады? Оқушыларды қызықтыру мақсатында қандай қызықты әдіс-тәсілдер тиімді? Осы сынды сұрақтар талқыланды. Білімді де, білікті шебер ұстаздарымыз XXжәне XXI ғасыр ұстаздарының айырмашылығын салыстыру арқылы Заманауи ұстаз бейнесін ашып берді. Жас мамандарымыз заманауи ұстазға тән қасиеттерін, қойылатын талаптарын атап көрсетті. Көрермен арасынан, жас мамандар тарапынан тәжірибелі ұстаздарға сауалдар қойылды.