?Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 5 қазан күні сағат 12:30-да директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.М.Зулкашеваның ұйымдастыруымен “Lesson study – сабақты зерттеу” тақырыбында мектепішілік Lesson study-дің ашылу салтанатты жиыны өтті.
?Мақсаты: мектеп мұғалімдерінің сабақ беру шеберліктерін дамыту.
?Күтілетін нәтиже:
Мұғалімдер кәсіби диалог құру арқылы:
• Бір-бірінен үйренеді;
• Сабақ өткізу тәжірибесі артады;
• Тәжірибені зерттеу дағдысы қалыптасады;
• Оқушылардың оқуы жақсарып, білім сапасы көтеріледі.
?Lesson study-дің ашылу салтанатты шарасында пән мұғалімдері топтарға бірігіп, модераторлар, зерттеу жүретін сыныптар, сабақты өткізуші мұғалімдер белгіленді.
?Lessen study барысында мұғалімнің оқытуына емес, оқушының оқуына баса назар аударылып, сабақ сапасы артып, оқушылардың қабылдауы мен оқуы жақсарады деген сенімдеміз. ✊
?Ел болашағының жарқын болуы білімді, жан-жақты тәрбие алған ұрпақтың қолында. Келер келешегіміздің келісті келбетін қалыптастыру олардың сапалы білім алуларына байланысты.
✊Ендеше, Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының мерейін асқақтатар білімді ұрпақ көбейе берсін! ?✊














