Облыстық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен мектебімізде «Жас мамандар слеті» педагогикалық фристайлының 4 шақырылымы өтті. Семинар барысы төмендегідей бағдараламаны қамтыды.
Робототехника орталығына саяхат (Байхан Б.Ж., Кинешов А.С)
Робототехника орталығына саяхат барысында «NatRoboCom», «FLL Challenge» «KazroboTexs» категориялары көрсетіліп, таныстырылды
«Үш өлшемді модельдер құру» 6 сынып ашық сабақ, мұғалімдер педегог-зерттеуші Байхан Б.Ж, жас маман, педегог Зинетуллина А.А
«Қолда бар ақпаратқа негізделген деректерді талдау» ашық сабақ, педегог-зерттеуші Қуанаева С.Ш, жас маман, педегог Басерова А.Т
«Робототехниканың берілу әдістемесі» (Б.Ж.Байхан, А.С.Кинешов) шеберлік сынбында робототехникада жиі кездесетін «сызықпен жүрудің» түрлі әдістерін көрсетіп, ұстаздардын өздері бағдарлама кодын жазып үйренді.