21 қазан күні жоспарға сай Ахметов Дулат Омарғалиұлы 5А сыныбына «Ұлттық нақыштағы брелок» тақырыбында шеберлік сағат өткізді.
Сабақ барысында қазақ халқының ұлттық тұрмыстық бұйымдарына қысқаша шолу жасап, оның жасалу жолдарымен танысты. Оқушылар дәстүрлі емес материалдардан бұйым жасады. Бұйым жасауға лазерлі станог құрылғысынан кесілген акрл жаймасынан жасалған формаларды пайдаланды.
Ермексазды дайын қалыптар арқылы екі дана торсық пішінін жасап, өрнекпен безендіріп шынжыр бекітті.
Оқушылар қызығушылықпен қатысып сабақ мақсатына жетті.














