Жоспарға сай Кабылкайрова Г.А. 23.01 күні 8 г сыныбына “Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың басында мұғалім оқушыларды топқа бөледі, топ ережелерімен топ басшыларына таныстырады. Бағалау парақтарын топ басшыларына берді. Үй тапсырмасын “Тарсия” әдісі арқылы әр топқа орындатады. Оқушылар белсенді түрде топпеен сұрақтарды сәйкестендіреді. Жаңа сабаққа өту барысында оқушылар тақтаға шығып өздеріне үлестірілген элементтерді әр топқа орны бойынша орналастырды. Содан соң орналасқан элементтердің тобына сәйкес жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты айқындалды. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында “ INSERT” әдісі арқылыоқушылар берілген ақпараттармен танысып, ақпараттарды түртіп алды. Сабақты бекіту мақсатында әр топқа “Ноутбук”, “Лампа”, “ Резюме” әдістері негізінде оқушылар сұрақтар құрастырды, сұрақтарға жауап берді, металдарға сипаттама берді.
Сабақты қорытындылау үшін “Mentimeter” сайты пайдаланылып оқушылар кері байланыс берді. Сабақ соңында мақсатқа жеткендігін тексеру үшін сұрақтар қойылып, бағалау парақтарына сай оқушыларды мұғалім бағалады.
Бұл сабақтың құрылымы тиянақты, мақсатына жетті, оқушылар сабаққа өте, белсенді қатысты.