Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Бірлік және Ынтымақ» құндылығын дәріптеу мақсатында Қыркүйек - «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айының 27-і күні мектеп психологі Г.С.Сәрсенованың ұйымдастыруымен “Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы” тақырыбында 5 және 9-сынып қыз балаларына топтық кеңес өткізілді.
Мақсаты:
- қыз балаға тәрбие берудің ұлттық және заманауи мүмкіндіктерін түсіндіру;
- қыз балалардың тұлғалық қалыптасуының талаптарын анықтау;
- қыз бала тәрбиесі арқылы отбасы бақытын сақтау құпияларымен бөлісу.