Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" негізінде АР-ҰЯТ құндылығын дәріптеу мақсатында ҚАҢТАР – «ҰЛТТЫҚ КОД» (Құрмет) айының 17-сі күні «Қыз намысы - ұлт намысы» атты 5-сынып қыздары мен өнегелі аналардың кездесу кеші өтті.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Шара барысында қонақ боп келген аналарымыз қазақтың ырым-тыйымдары, қыз тәрбиесі, қыз балалардың шаш күтімі жайында өздерінің білгендерімен бөлісіп, кеңестерін айтып өтті.
Тәрбиелік тағылымы мол шараға қатысып, қыздарымызға аналық ақыл-кеңесін, өсиетін айтуға келген аналарымызға мектеппен үнемі тығыз байланыста болып, бағыт-бағдар беріп отырғандарына алғысын білдірді.