🔰2021 жылдың 4 қазан күні Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиямызда “Қыз баланың физиологиялық ерекшеліктері” тақырыпта 5-6 сынып оқушыларымен қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа Орал қалалық көпбейінді ауруханасының акушер маманы Кулкаева Ақсұлу Абдуловна, СӨС кабинет мейіргері Кужагельдина Лаззат Матниязовна және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
🔰Жиналыс мақсаты: мектеп жасындағы қыз балалардың анатомия-физиологиялық және психикалық өзгерістері туралы баяндау, түсінік жұмыстарын жүргізу.
Жиналыс барысында қыздар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар жауап беріп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады.