Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 15 сәуір күні сағат 13:30-да 6-7-сынып қыз балаларына zoom платформасы арқылы "Қыз баланың жыныстық жетілуі және гигиенасы" тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
🟦 Мақсаты: Қыз балдарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз балаға гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты қыз болып өсуге баулу.
🟨 Жиналыс барысында қыздар клубының жетекшісі Қабешова Ә.Е. қыз балаларды қонақтармен таныстырып, жиналыс бағдарламасымен бөлісті.
🏥 ШЖҚ МКК #5 қалалық емхана қызметкері Хабибулина А.Д. "Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың түрлері және алдын-алу шаралары" тақырыбында әңгіме қозғап, алдын алу шараларын ұсынып, қыз балаларға пайдалы көптеген мағлұматтар берді. 🔵
🟥 Жиналыс соңында мектеп психологы Қадыржанова А.А. "Жыныстық қолсұғушылықтың алдын алу жұмыстарының алгоритмі" жадынамасын таратып, зерттеу әдістерін ұсынды. ✴