"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

2024-2025 оқу жылы Біртұтас тәрбие бағдарламасының орындалуы туралы ЕСЕБІ

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында әр айдың құндылықтарын негізге алынған жылдық жоспар бекітілді.

Тәрбие жұмысын жоспарлауда балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, өткізілген іс-шаралар:

2024-2025 оқу жылында Білім күніне орай Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының «1 қыркүйек – білім күніне» орай “Мектебім – мейірім мекені” атты салтанатты жиыны өтті.

2 қыркүйек күні 1-11 сынып аралығында «Менің Отаным - Қазақстан!» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары оздырылды. 5-7 сынып аралығында «Адалдық - асыл қасиет» тақырыбында бірыңғай адалдық сағаттары да өткізілді.

Қыркүйек айының 3-4 күндері 5-6 сынып ата-аналарына кездесу ұйымдастырылды. 5-і күні«Отбасы күніне» орай 6-сынып әкелер мен ұл балдар арасында «Дені сау ұрпақ» атты мини футбол өткізілді. 6 қыркүйек 11-сынып оқушыларына «Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. 3-5 күндер аралығында 5-11 сынып ата-аналарына «Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында жиналыс өтті.

Республикалық “МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2024” ҰЛТТЫҚ байқауының ОБЛЫСТЫҚ кезеңіне 200-ден астам отбасы қатысып, соның ішінен топ жарып 1-орынды иеленген Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының ХАМЗИНДЕР ОТБАСЫ 6 қыркүйек күні АСТАНА қаласында марапатталды. Республика бойынша 2000-нан астам отбасы қатысқан болатын, оза шапқан 20 отбасына ЛАУРЕАТ НАМИНАЦИЯСЫ берілді. Хамзиндер отбасын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ғалымқызы марапаттаған.

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айының 10-і күні «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында 10 «Г» сынып оқушыларына адалдық сағаты өткізілді. 11-і күні 7-сынып қыздары «Бұрымды қыз» челленджіне қатысты. 17-і күні 7-8 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Терроризмге қарсы орталық штабы «Қауіптің алдын алу және салдарын азайту» тақырыбында бейнеролигін ұсынды. 82 оқушы қамтылды. Өркен институты ұйымдастырған «ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасы аясында «Менің сыныбым буллингке қарсы» атты республикалық бейнероликтер челленджі ұйымдастырылды. Бұл челленджге қатысқан 6В сыныбы І орынды иеленді. Сынып жетекшісі: Талапова Ә.Қ.

19 қыркүйек күні кітапханада «Балалар кітапханасы» жобасының аясында «22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі» күніне орай «Қазақ тілім өркенде» атты жырдан шашу өтті. 19 қыркүйек күнікітапханада «Балалар кітапханасы» жобасының аясында «22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі» күніне орай «Қазақ тілім өркенде» атты жырдан шашу өтті.«Ұлттық мектеп лигасы» аясында 9-11 сыныптар арасында өткен футболдан І ОРЫН иеленіп, облысқа жолдама алды. Жетекшілері: Манасов Сержан Манасұлы, Менешов Аралбай Аманжолович .
5-11 сынып оқушыларына сынып жиналыстары өткізілді. 23 қыркүйек 1-сынып оқушыларына «Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!» атты шарасы өтті. 27 қыркүйек күні мектеп психологі Г.С.Сәрсенованың ұйымдастыруымен “Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы” тақырыбында 5-9-сынып қыз балаларына топтық кеңес өткізілді. «Бірлік және Ынтымақ» құндылығын дәріптеу мақсатында Қазан - «Тәуелсіздік және отаншылдық» айының 1-і күні 5-сыныптар аралығында «1 қазан - Қарттар күніне» орай «Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. 1 қазан күні мектеп психологі Г.С.Сәрсенова “Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары” тақырыбында 10-сынып қыз балаларына топтық кеңес және 10- сынып қыз балаларының ұйымдастыруымен “Қыз әдептілігімен әдемі, имандылығымен сәнді” тақырыбында 6-7 сынып қыз балаларына топтық кеңес өткізілді. «Бірлік және Ынтымақ» құндылығын дәріптеу мақсатында Қазан- “Тәуелсіздік және отаншылдық” айында “Ер бала тәрбиесі – елдің мәселесі” атты тақырбында 9-10 сыныптар арасында мектеп психологы Е.А.Баян ер балалармен кездесу өткізді. ДТІЖО Қ.Х.Темирбаева

7-9 сынып оқушыларына жиналыс өткізді. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында танымал жазушы, «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасын талқылау ұйымдастырылды.

18 қазан күні ата-аналарды педагогикалық қолдау аясында “Отбасы-аялы алақан мекені” тақырыбында 5-сыныптардың ата-аналарына құндылық сағаты өтті. «25 қазан - Республика күніне» орай 1-10 сынып оқушыларына «Республикам - мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 31 қазан күні «Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу» тақырыбында 1-11 сынып жетекшілеріне оқыту семинары өтті.

“Д.Қонаев– ғасырдың дара перзенті” атты І Республикалық ғылыми-танымдық конференция; “Құндылыққа негізделген білім” курсы бойынша 24 мұғалім оқытылды; “Мектеп парламенті” оқушылар ұйымының “Ақпарат” фракциясының үздігі атанды; “Құндылыққа қадам – сынып жетекшіден” оқыту семинары; Ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша құндылық сағаттары; “Әзілі жарасқан әлем” КТА ойындары, SMART BALA ЖОБАСЫ, «Ұшқыр ой алаңы», «Дос болLike» жобасы, қыздар, ұлдар жиналысы, “Жасұлан” өзін-өзі басқару ұйымыны қала мектептерімен жолдастық кездесуі, “Ұлттық мектеп лигасы” “Жас Ұлан” балалар ұйымына 5-сынып оқушыларынан 171 оқушы, «Жас қыран» ұйымына 2-сыныптан 226 оқушы қабылданды, “Құқықбұзушылықтың алдын алу” мектеп инспекторының түсіндірме жұмыстары, “Дін және жастар” теолог маманы Мирлан Нұрболатұлымен кездесу,

Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында 2024-2025 оқу жылының «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Бірлік және ынтымақ» құндылығын дәріптеу мақсатында Ақпан - «Жасампаздық және жаңашылдық» айының 27-і күні «Менің әкем - жақсы адам» атты әкелер форумы өтті.

«1 наурыз - Алғыс айту» күніне орай «Мектеп парламенті» және «Жас ұлан» ұйымының мүшелері баршаңызды алғыс айту күнімен құттықтайды.
«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айының 11-і күні 5-сынып қыздары «Бұрымды қыз» челленджіне қатысты.

"Діни экстремизмнен қалай сақтану керек" атты 8- сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті.

«Құқықбұзушылықтың алдын алу» шаралары, « Буллинг және кибербуллинг» тақырыптарында түсіндіру шаралары оздырылды. Ата-аналарды қолдау бойынша 1-11 сынып ата-аналары қамтылды, «Даналық мектебі» жобасы оздырылды.

«Ана.Болашақ.Қоғам» аналар форумы. «Тазалық эстафетасы» , «Ұлттық киім күні» «Қайырымдылық-жылы жүректен»акциясы өтізіліп, «Шабыт» қабырғасы жобасы жұмысы үздіксіз жүргізіді.

«Мен таңдаған мамандық» атты тәрбие сағаттары, «Досыңа кітап сыйла» акциясы мұғалімдер арасы мен оқушылар арасында көпір бола алды. «Ұшқыр ой алаңы» дебаты оздырылды. «Саламатты ұрпақтың -салауатты өмірі» қауіпсіздік сағаттары, «Біз біргеміз, берік іргеміз» қыздар жиналысы, «Телефонсыз бір күн» акциясы, «Қыз ғұмырдың құпиялары» даналық мектебі, «Қыздар білуге тиіс» даналық мектебі, «Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретден -аянбау» ата аналарды педагогикалық қолдау. «Кибербуллинг пен буллинг балалар мен жасөспірімдер психологиясына әсері» түсіндіру жұмыстары, «Көңілді эстафеталық» спорттық сайыс, «Ер азаматтың әдебі мен мәдениеті»атты ұлдар жиналысы, Сынып жетекшілерге арналған «педагогтердің кәсіби эмоционалдық құлдырау синдромы алдын алу» мекетп психологтарынан кеңес, «Буллингтен қорған», «Қоғамдық мүлікті қорға» қауіпсіз сабағында, «Жастары ерте еңбекке араласуын дұрыс деп есептейді», «Жасыл жұма» акциясы, «Бірлігі жарасқан-біртұтас елміз» «Ерлікке тағзым», «Ұлы Жеңіске -80 жыл» танымдық сағат», отбасы күніне орай «Отбасылық дәстүрлер» ата -аналарды педагогикалық қолдау, «Ашық есік күні» «Жеңіске жол» қойылым театр, «Білімім -Отаныма» бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиынмен жылды қорытындылап, оқушылар жақсы көңіл күймен жазғы демалысқа шығарылды.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Зулкашева Шынар Мулкаевна

12-03-2019 Hits:163312 Администрация Super User

Зулкашева Шынар Мулкаевна
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:160065 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:161668 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы

12-03-2019 Hits:69913 Администрация editors

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Закиева Гулдана Умирзаковна

15-03-2021 Hits:150378 Администрация editors

Закиева Гулдана Умирзаковна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:163104 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:70207 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Оралбаева Айшолпан Умарқызы

29-09-2023 Hits:69304 Администрация editors

Оралбаева Айшолпан Умарқызы
Тәлімгер

 

Read more

Байдашева Нургул Болатовна

29-09-2023 Hits:70275 Администрация editors

Байдашева Нургул Болатовна
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2023 Hits:69511 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:69711 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz