"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

«Жас Ұлан»

«Жас Ұланның» мақсаты:

- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. 

«Жас Ұланның» міндеттері:
 
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
 
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
 
- танымдық жұмыстарды ынталандыру;
 
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
 
- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

 

АНТЫ

 
        Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
 
                Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
 
                Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
 
                Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
 
                Ата-анамды қадірлеуге;
 
                Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
 
                Білімге табандылықпен  ұмтылуға;
 
                Салауатты өмір салтын ұстануға;
 
                Табиғатты аялауға;
 
Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге, біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

 

Жас ұландар әні

1.Бабалар дәстүрін жалғаған,

   Қиялы биікке самғаған,

   Көшбасы соңында қалмаған,

   Қыранбыз қанатын қомдаған.

       Қайырмасы:

Жас Ұлан - елімнің ертеңі,

Жас Ұлан - жақсылар өркені,

Қазақстан - кемесі қазақтың,

Жас Ұлан - жайылған желкені.

2.Таныған ғаламның сырларын,

   Жаттаған тарихтың жырларын.

   Дені сау ұрпаққа болашақ

   Айқара ашады гүл бағын.

    Қайырмасы:

Жас Ұлан - елімнің ертеңі,

Жас Ұлан - жақсылар өркені,

Қазақстан - кемесі қазақтың,

Жас Ұлан - жайылған желкені.

3.Ұлы ел кемеңгер бастаған,

   Ұлы жер тауларын жастаған,

   Қазақстан кемесі қазақтың,

   Жас Ұлан шырқалған асқақ ән.

    Қайырмасы:

Жас Ұлан - елімнің ертеңі,

Жас Ұлан - жақсылар өркені,

Қазақстан - кемесі қазақтың,

Жас Ұлан - жайылған желкені.

4.Ұлы ел кемеңгер бастаған,

   Ұлы жер тауларын жастаған,

   Қазақстан кемесі қазақтың,

   Жас Ұлан шырқалған асқақ ән.

 

«Жас Ұлан» ұйымы қызметінің бағыттары:

  1. Отан – елін, жерін, құндылықтарын сүю, қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыру бағыты;
  2. Зерде – интеллектуалдық даму, зерделі түрде алдына мақсат қоя білу, жобалар жасап, жүзеге асыруға жетелеу бағыты;
  3. Руханият – оқушыларды жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, көркем-эстетикалық қасиеттерге тәрбиелеу, волонтерлік қызметті дамыту бағыты;
  4. Салауат – салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға бағыт беру, денешынықтыру мәдениеті мен психикалық денсаулығын қалыптастыру бағыты;
  5. Еңбек – мектеп қабырғасынан кәсіби мамандыққа бағдар беру, кәсіби үйірмелерде жұмысқа тарту, еңбекке деген құрметті сіңіру бағыты.
  6. Эко-әлем – қоршаған ортаны аялауға, жан-жануарларға қорған болуға, экологияны жақсартуға бағытталған жобалар жасауға бағытталған бағыт;
  7. Жеті жарғы – құқықты мәдениетті қалыптастыру, жас азаматтарға өздерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге арналған бағыт.

Назарға:

  1. 2021 жылы мектептердегі Жас Ұлан ұйымының өкілдерімен ұйымдастырылған барлық шарарлар Ұйымның 10 жылдығына орайластырылып өткізілуі тиіс.
  2. Барлық шараларда «Жас Ұлан» ұйымының 10 жылдық логотипі қолданылуы тиіс.
  3. Өткізілген немесе жоспарланған шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде орналастырылған кезде # ЖасҰлан10жыл#JasUlan10jyl хештегтерін қолдануы тиіс.
  4. Ауқымды іс-шара өткізілер алдында қосымша материалдар жіберілетін болады. (тұжырымдама, өткізу ережесі, нұсқаулық және т.б)

 

2021-2022 оқу жылына арналған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының және мектепішілік атқарушы хатшыларының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде іс-шаралар жоспары

Іс – шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Бағыт

Жүзеге асыру мерзімі

Жауапты

Қазақстан Тәуелсіздігіне  30 жыл

Жас Ұлан 10жыл           #JasUlan10jyl

1

Мектепішілік «Жас Ұлан» командасын бекіту, «Жас Ұлан» мектеп комитетінің жұмысын жандандыру

Іс-шаралар

Зерде

қыркүйек

Тәлімгер,

«Жас Ұлан» ұйымы

2

«World Cleanup day» Бүкіләлемдік тазалық күні

«Жас Ұлан» ұйымының командасымен сенбіліктер өткізу

Эко  әлем

19 қыркүйек

Тәлімгер,

«Жас Ұлан» ұйымы

3

«Жүгір және тазала» қалалық плогингтер сериясы.

Қатысушылар мектеп ауласын тазалайды. Жиналған қоқыс көлемі бойынша жарысады.

«Жүгір және тазала» плоггингін ұйымдастыру және өткізу. Жарияланымдарды орналастыру кезінде #TAplogging» хэштегін пайдалану керек.

Эко  әлем

Қыркүйек-қазан

Тәлімгер

4

Ұстаздар күніне арналған онлайн мерекелік құттықтау «Бәрекелді!» интеллектуалды шоуы

Жас Ұлан ұйымының түлектері мен мүшелерінің  мектеп ұстаздарына арналған құттықтаулары

Зерде

Қазан

Тәлімгер

5

Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу деңгейін анықтау

Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында тесттер өткізу

Салауат

Қыркүйек

Тәлімгер

6

Қала күніне орай «Оралым-бақыт мекенім» онлайн бейнерепортаж байқауы

Бейнерепортаж, үздік бейнерепортаж авторларын марапаттау

Отан

Эко әлем

Қыркүйек

Тәлімгер,

«Жас Ұлан» ұйымы

7

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер» ұйымының 10 жылдығына орай өткізілетін облыстық, қалалық форумдарға қатысу

«Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ құрылғанына 10 жыл толуына арналған офлайн және онлайн түрде өтетін іс-шараларға қатысу

Отан

Жыл бойы

Тәлімгер,

«Жас Ұлан» ұйымы

8

Қысқа метражды фильмдердің ашық конкурсына қатысу

Жастар  мен балалар арасында интернетке тәуелділік, құмар ойындары және кибербуллинг деңгейі жоғары өңірлерді анықтау үшін өткізілетін республикалық  байқауға қатысу.

Байқаудың мақсаты: қоғамның назарын осы мәселеге аудару.

Салауат

Руханият

Қазан

Тәлімгер

9

«Жас Ұлан» ұйымының таңертеңгілік сенбілік топпен жүгіруі

Мектеп-лицей оқушыларының спортқа деген бейімін арттыру, сенбілік топпен жүгіру

Салауат

Жыл бойы

Тәлімгер, Ұланбасы

10

«Татулық тұтқасы, бірліктің бесігі» тимбилдинг минуттары (топ құру, көшбасшылықты қалыптастыруға бағытталған тренинг ойындары)

Ойын, тренингтер

Зерде

 

 

 

Руханият

Тоқсандық демалыстар 2021-2022 оқу жылы

Тәлімгер

11

Ұланбасының сайлауалды бағдарламасы бойынша кітап клубын ашу

Мектеп оқушыларының бойында кітап оқуға деген құлшынысты арттыру, кітап клубының мүшелерімен тәжірибе алмасу.

Зерде

Отан

Қазан

Тәлімгер, Ұланбасы

12

«Жас Ұлан» бойтұмарын әзірлеуге арналған республикалық байқау

«Жас Ұлан»  ББЖҰ» РҚБ бойтұмарын әзірлеуге республикалық байқауға қатысу

Еңбек

Қыркүйек-қараша

Тәлімгер

13

«Jas Ulan Talks» форматында белгілі тұлғалармен кездесулер

Ашық диалог  алаңын құру арқылы өңірде танымал азаматтармен кездесулер ұйымдастыру

Зерде

Жыл бойы

Тәлімгер

14

«Ең Үздік «Жас ұлан»  бұрыштары мен бөлмелерінің қалалық байқауы

Әр мектеп өз «Жас Ұлан» ұйымы туралы ақпараттық бұрыш пен бөлмелерді байқау ережесіне сай жасақтау

Зерде

Қараша

ДТІЖО

 

Тәлімгер

15

ҚР Тілдер күні мерекесіне орай «Тіл-достықтың тірегі»  атты өзге ұлт өкілдері арасында өткізілетін қалалық  фестиваль

Қала мектептері арасында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында өнер және шығармашылық шарасы

Руханият

Қыркүйек

Тәлімгер

16

Экологиялық бейнероликтардың республикалық байқауы

Экологиялық бейнероликтардың республикалық байқауына қатысу

Эко әлем

Руханият

Қараша

Тәлімгер

17

«Мейірімді жүрек» акциясы . (Ардагерлерге қолғабыс таныту)

Жас Ұландар бойында мейірімділік, қайырымдылық қасиетін арттыру.

Руханият

Қазан

Тәлімгер, «Жас Ұлан» ұйымы

18

Халықаралық жағалау аймағын тазарту акциясы

Тәлімгерлер арасында акция өткізу

Еңбек

Қазан

Тәлімгер

19

«What? Where? When?» интеллектуалдық турнирі

Экобілімділер турнирін өткізу

Эко әлем

Зерде

Қараша

Тәлімгер

20

Дүниежүзілік балалар күніне арналған дөңгелек үстел

Дүниежүзілік балалар күніне арналған дөңгелек үстелдер аясында балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау

Жеті Жарғы

20 қараша

Тәлімгер, «Жас Ұлан» ұйымы

21

«Жас Ұлан» мен үшін ...?» челленджі

Ұйымның  10 жылдығына арналған «Жас Ұлан» мен үшін ...?»  челленджіне қатысу. Челлендж ұйымның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жүзеге асырылады. Челленджді қолдаған қатысушылар жарияланымды

#ЖасҰланМенҮшін хэштегімен жариялауы тиіс.

Отан

Желтоқсан

«Жас Ұлан» ұйымы

22

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер  ұйымы қатарына жаңа мүшелерді қабылдау

Жарғыға сәйкес Жас Ұлан ұйымы қатарына жаңа мүшелер 5-сынып оқушыларын салтанатты түрде  қабылдау іс-шаралары

Отан

1 – 15 желтоқсан

Тәлімгер,

«Жас Ұлан» ұйымы

23

Қалалық «НANDMADE» шеберлік сыныптар байқауы  және «Дармарка – заттарға екінші өмір сыйла» акциясы.

Ескі заттарды қоқысқа тастамай, қажеттілікке жаратуға бағытталған шара.

Еңбек

Желтоқсан

Тәлімгер

24

Балалардың құқықтарын сақтау іс-шарасы

«Құқығым бар» тренингі

Мектеп Ұланбасы тренинг өткізеді.

Жеті жарғы

Желтоқсан

Тәлімгер

Ұланбасы

 

25

Мектепішілік Рубик текшесін жинаудан спидкубинг  чемпионаты

Сыныпаралық жарыс

Еңбек

Қаңтар

Тәлімгер

Ұланбасы

26

Балалар өкілдіктері  көшбасшыларының құқық қорғау бойынша мониторинг жүргізуі

Бала құқығын қорғау бойынша көшбасшылар мектепте балалардың құқықтарын сақтауға мониторинг жүргізеді

Жеті жарғы

Жыл бойы

Тәлімгер

27

Балалар мен жасөспірімдер қызметін насихаттау жөнінде облыстық және өңіршілік БАҚ беттеріне ақпарат тапсыру

Мақала

 

Жыл бойы

Тәлімгер

28

«Жас Ұлан» ұйымының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын дамыту, әлеуметтік желілерді қолдану арқылы мектепішілік іс-шараларды таныстыру жұмыстарын жүргізу.

Желілерге материалдар орналастыру. Оқушылардың, ата-аналардың және аға тәлімгерлердің «Жас Ұлан» ұйымының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазылуын  қамтамасыз ету:

Instagram @jasulan_gz @restart_social @birgemiz_taza_alem

Facebook @Жас Ұлан Ұйымы 

@ Киелі табиғат

@ ReStart Social @ Birgemiz Taza Alem

 

Жыл бойы

Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымы

29

Жоспарға сай ұйым жұмысын кеңінен насихаттау

Желілерге материал орналастыру, мақала жазу, өткізілген іс-шаралар бойынша есеп беру, анықтама, хаттамалар дайындау.

7 бағыт боынша

Жыл бойы

Тәлімгер

 

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Зулкашева Шынар Мулкаевна

12-03-2019 Hits:135029 Администрация Super User

Зулкашева Шынар Мулкаевна
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:132715 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:133973 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы

12-03-2019 Hits:41704 Администрация editors

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Закиева Гулдана Умирзаковна

15-03-2021 Hits:122564 Администрация editors

Закиева Гулдана Умирзаковна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:135201 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:42233 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Оралбаева Айшолпан Умарқызы

29-09-2023 Hits:41452 Администрация editors

Оралбаева Айшолпан Умарқызы
Тәлімгер

 

Read more

Байдашева Нургул Болатовна

29-09-2023 Hits:42275 Администрация editors

Байдашева Нургул Болатовна
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2023 Hits:41890 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:41679 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz