Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында 2024-2025 оқуы жылының «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Бірлік және ынтымақ» құндылығын дәріптеу мақсатында Желтоқсан - «Бірлік және ынтымақ» айының 25-і күні мектеп тәлімгері Оралбаева А.У. ұйымдастыруымен «Идеялар жәрмеңкесі» атты байқау өтті.
Байқау барысында «Мектеп парламенті», «Жас ұлан» ұйымы, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері болашақта жүзеге асырғысы келетін жобаларын, идеяларын ұсынды.
Нәтижесінде жаңашылдығы мен әлеуметтік маңызы жағынан сәйкес келетін жобалар іріктеліп алынды.
Байқау соңында оқушылар төмендегідей жүлделі орындармен марапатталды:
Бас жүлде - «Эрудит» тобы
1-орын - «Интеллект» тобы
2-орын - «Бірлік» тобы
3-орын - «Адал ұрпақ» еріктілер клубы
«Үздік оратор» номинациясы - Ақболатқызы Сабрина
«Ой ұшқырлығы» номинациясы - Әжіғали Дәулет
«Мінсіз жауапкершілік» - Нуриденова Мадина
Қатысқан «Мектеп парламенті», «Жас ұлан» ұйымы, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелеріне алғысымызды білдіреміз!