Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында 2024-2025 оқу жылының «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Бірлік және ынтымақ» құндылығын дәріптеу мақсатында Желтоқсан - «Бірлік және ынтымақ» айының 12-і күні 5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұйымына қабылдау жиыны салтанатты түрде өтті.
Мақсаты:
-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру;
-балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Бүгінгі жиында «Жас Ұлан» ұйымы қатарына 171 оқушы қабылданды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темирбаева Қ.Х. өз құттықтауын айтып, ұйым мүшелеріне жүрекжарды тілегін білдірді. Сонымен қатар мектеп президенті Закидолла Көркемай мен ұланбасы Елубай Гүлсезім сөз алып, оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау - олардың тәртіпті, белсенді, отансүйгіш азамат болып өсуіне үлкен қадам екенін атап өтті.