Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Бірлік және Ынтымақ» құндылығын дәріптеу мақсатында Қыркүйек - «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айының 10-і күні «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында 10 «Г» сынып оқушыларына адалдық сағаты өткізілді.
Мақсаты:
-Оқушыларға адам бойындағы адалдық сезімдерін ұғындыру;
-Адамдардың өміріндегі әділдік пен адалдықтың алатын орны туралы ой - пікірлерін кеңейту.
Сынып сағатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасынан Мұратов Ринат Ғанимұлы келіп, бейне материалдар көрсетіліп, оқушыларға ой саларлық, тағылымды әңгіме жүргізілді. Шара соңында ДТІЖО Темирбаева Қ.Х. қорытындылап, оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берілді.