Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ құндылығы аясында желтоқсан (батылдық) айында ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында «Балаға үйрету: Ақылыңды, мейірімге орап бер»атты 5-6 сынып ата-аналарына психолог Айболат Ерболатұлының өткізуімен шығармашылықты дамыту кеші өтті.
Мақсаты: ата-аналардың жасөспіріммен, жас дағдарысы кезеңін басынан өткеру кезеңінде үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту”.
Бүгінгі құндылық сағатына қатысқан ата-аналар жас дағдарыстарымен танысып, баланың жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқына байланысты міндеттер мен күтілетін нәтижелерді анықтады. Баламен қызығушылықты қалай табуға болатынын талқылап, әркім өз пікірімен бөлісті. Ата-аналар бүгінгі құндылық сағатынан үлкен әсермен шықты, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.