Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 13 желтоқсан күні “9 айға 9 іс-шара” тұжырымдамасы негізінде “Шығарма жазу: болашаққа хат” челленджі өткізілді.
Шығармалар “Тәуелсіз Қазақстандағы жетістіктерім”, “менің болашағым”, “менің елім үшін болашағым” және т. б. тақырыптарда жазылды.
Челлендж білім алушылардың өз ойын қағаз бетінде жүйелі жазуға, ішкі тұжырымдарын сөзбен жеткізуге үйрету арқылы жазылым дағдысын жетілдіруге бағытталған.
Мақсаты: Білім алушыларға өзінің жеткен жетістіктері, алға қойға жоспарлары мен болашағы туралы шығарма жазу
Міндеттері:
✓ Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
✓ Өз ойларын қағаз бетіне жүйелі жазып жеткізу дағдыларын жетілдіру
✓ Білім алушылардың өзін-өзі дамыту және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру.