Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде Желтоқсан -“Қазақстан -ұлы дала елі” Батылдық айы аясында “Діни экстремизмнен қалай сақтану керек” атты 8- сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: оқушыларға дін туралы дұрыс бағдар беру, түсіндіру. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында діни сауатсыздықтың орын алуы қоғамды алаңдатып отырған күрделі мәселелердің бірі. Осы тақырыпты кең көлемде ашу үшін Орал қаласының ақпараттық -талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Бақытжан Құралбайұлы қонаққа шақырылды. Оқушыларға діни экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беріліп, оның түрлері, себептері мен зардаптары ұғындырылды.Қоғамдық әлеуметтік, құқықтық діни сипаттары түсіндіріліп, террорлық, лаңкестік бағытта арандатуға жол бермеу қажеттілігіне баса назар аударылды.