🟣 Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ құндылығы аясында қараша (жауапкершілік) айында 5-сынып оқушылары арасында 3 күндік “Жауапкершілік пен жауапсыздық” челленджі өтті.
🟣 Мақсаты: оқушылардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету; өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.
5-сынып оқушылары 3 күндік челленджде сабаққа кешікпеу, үй тапсырмасына уақытылы дайындалу, айтқан сөзінде тұру, уәдесін орындау, өзіне сенімді болу сынды жауапкершіліктерді сезінді. Әлі де өз жауапкершілігімен жұмыстану керек оқушылар анықталды. Оқушылар үш күндік челлендждің қатты ұнағанын айтып, жалғасын табуын өтінді. Өз парақшаларында басқа да достарымен бөлісіп, пост жазды.