Д.Қонаев атындағы №44 мектеп гимназиясында 27-31 мамыр аралығында Оқу – Ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының әдістемелік ұстанымдарын негізге ала отырып, жазғы мектеп ұйымдастырылды.
Жазғы мектепте 5-8, 10-сыныптарынан 162 оқушының ата-аналарының өтініштері бойынша қатыстырылды. Төтенше жағдай кезіндегі қашықтықтан оқылған тақырыптар қамтылып, мұғалімдер сол тақырыптарға сай сабақтар жүргізді.