Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 5 сәуір күні әдістемелік әрі психологиялық қолдау көрсету мақсатында сынып жетекшілер мен кураторларға “Педагогтардың кәсіби эмоциялық құлдырау синдромы алдын алу. Психологиялық қолдау” атты оқыту семинары өткізілді.
Мақсаты: Педагогтардың кәсіби-эмоциялық құлдырауындағы келеңсіздіктердің алдын алу. Психологиялық тұрғыда көмек жұмыс жасап, психокоррекциялық жұмыстар нәтижесін нығайту, көмек көрсету.
Семинар барысында мектеп-гимназия педагог-психологі Баян Айболат Ерболатұлы іс-тәжірибесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдаланып, нейрожаттығу, метафоралық ассоциативті карталармен жұмыс жасап практикум көрсетті.
Семинарды мектеп басшысы Бибігүл Сәуірқызы қорытындылап, жұмыстарына тың ізденіс пен шығармашылық табыс тіледі.