Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2023-2024 оқу жылында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде “Ар-ұят” құндылығын дәріптеу мақсатында Ақпан – «Адалдық» Оқуға құштарлық айында «9 айға – 9 іс-шара» мектепішілік жобасы аясында 23 ақпан күні 10-сыныптар арасында ағылшын тілі пәні мұғалімдері Г.Саматаева мен М.Гайсина ұйымдастыруымен “Reading for pleasure “ тақырыбында ReadX өткізілді.
Шараға 10-сынып оқушылары белсенді қатысып, өздері оқыған кітаптарын баяндап, көрермендерге оқуға кеңес берді. Шара соңында көрермен ретінде қатысқан оқушылар дауыс беріп, келесі номинацияларды анықтады:
”The best speaker “ номинациясы бойынша Игалиева Айзере;
”The best reader” номинациясы бойынша Тлеккабылова Камила;
”The best intonation”номинациясы бойынша Азаматов Темирлан;
”The best book presenter” номинациясы бойынша Болатова Асем және қалған қатысушылар шараға белсене қатысқандары үшін дипломмен марапатталды.