Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде Ар-Ұят құндылығын дәріптеу мақсатында АҚПАН-ОҚУҒА ҚҰШТАР (Адалдық айы) айының 9 күні 5- сынып оқушыларының қатысуымен "Жас оқырман" клубы өз жұмысын бастады. Жас оқырман мүшелерінің қатысуымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» шығармасына «Библиокафе» ұйымдастырылды.
Мақсаты:оқушылардың кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілігін арттыру, өз ойын көркем, сауатты, жүйелі түрде жеткізу,көркем шығарма арқылы әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту және оқу мәдениеті мен ақпараттық құзыреттіліктерін жоғарылату. Балалардың тілдерін, ақыл ойын,белсенділігін есте сақтау, көру көргенін естігенін мазмұндай білу, талдау баға беру қабілеттерін дамыту.