Д. Қонаев атындағы #44 мектеп - гимназиясында “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде Ар-Ұят құндылығын дәріптеу мақсатында ҚАҢТАР - “ҰЛТТЫҚ КОД” (Құрмет) айының 18-і күні “ Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға” 10 күндік аясында 6-сыныптар арасында “Ұлы тұлғаның ұлы ойлары” атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Мақсаты:
-Аты аңызға айналған, аңыз адам Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихын білу
-Димаш атамыздың атын ұлықтау, елін сүйген, елі сүйген азаматты құрмет тұтып, тарихын толық меңгерту;
-Оқушылардың патриоттық сүйіспеншілігін арттыру;
Шарада оқушылар белсенділік танытып, Димаш атамыз жөнінде жақсы ақпарат білетіндерін ортаға салып, бар білімдерін паш етті. Шара жоғары деңгейде өтті. Интеллектуалды ойынға белсене қатысқан оқушыларымыз жүлделі орындармен марапатталды.
🥇орынды “ Жас ұлан” (6 д, е) шаңырағы
🥈орынды “ Бірлік“ (6 ж, з) шаңырағы
🥉орынды “ Қыран” ( 6 а, б) шаңырағы.
Алғыс хат- “Жұлдыз” (6 в,г) шаңырағы
Осындай тағылымы зор іс- шаралар тарих беттеріне көз жүгіртіп, ұлты ұлықтаған аңыз адам Димаш атамыздың ұлы тарихын ұлықтауға құштарлық танытып, оқушыларымыздың сүйіспеншілігін арттыруға зор үлес берері анық. Белсенді қатысқан 6-сынып оқушылары мен педагог-кураторларына алғыс білдіреміз