“Сенімен Болашақ” РҚБ БҚО филиалы мен Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясымен ынтымақтастықта “Жақсылық жасап жарысайық” волонтерлік жобасы аясында Наурыз - “Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу”, "Ризашылық" айында 2024 жылдың 13 наурыз күні «Әкем айтқан нақыл сөз» әкелермен кездесу өтті.
Мақсаты:
-әкелердің бала тәрбиесіне белсенді қатысуы, жауапты әке бола білуі;
-ұл тәрбиелей отырып, болашақта саналы әке, азамат тәрбиелейтінімізді насихаттау.
Шара барысында 150-ге жуық әкелер келіп, мектептің тынысымен танысып, өз тәжірибесімен бөлісіп, жас әкелерге кеңестерін берді. Асқар таудай әкелерге қатысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтып, керемет әсермен тарасты.