Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Әділдік және жауапкершілік» құндылығын дәріптеу мақсатында Қараша - «Әділдік және жауапкершілік» айында даналық мектеп аясында «Ата өсиеті» бағыты бойынша 7-сынып ер балаларына арналған «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты тәрбиелік іс-шара оздырылды.
Мақсаты:
-қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу;
-өскелең ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру.
Шараға 7-сынып ер балаларының аталары қатысып, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне тоқталып, мүшел жас, жеті ата, бата беру сынды ұғымдардың маңызы мен мәнін түсіндірді.
Шараны жандандыру мақсатында ұлттық музыка орындалып, қазақтың дәстүрлі “Ерке сылқым” күйі шеберлікпен тартылды. Соңында оқушылар кері байланыс беріп, шарадан алған әсерлерімен бөлісті. Олар қазақтың даналық сөздері мен дәстүрлерінің өмірлік мәнін түсінгендерін, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарының артқанын атап өтті. Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақты ұлттық тамырынан ажырамай, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді.