2023 жылдың желтоқсан айында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру мақсатында ата-аналарды педагогикалық қолдау «Даналық мектебі» аясындағы секцияның
“Ырым-тыйым -әдептілік негізі” тақырыбында 5-сыныптарға өнегелі сабақ өткізілді.
Мақсаты: Әже даналығы арқылы ырым-тыйым сөздердің мағынасын ашып түсіндіру;
Шараға “Әжелер сәлемі” ансамблінің әжелері, Уасила әже және мектеп-гимназиямыздың қазақ тілі пәнінің мұғалімі Толқын Әлібекқызы арнайы қонақ ретінде шақырылған болатын. Келген қонақтарымыз оқушыларға ырым-тыйым сөздердің мағынасын айтып, тәлім-тәрбиелік өнегелі әңгімелерімен бөлісті. Тағылымдық шарамыз мағыналы, мазмұнды жоғары деңгейде өткізілді.
Осындай “ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП” аясындағы жобалар өз жалғасын табады.
Қатысқан әжелерімізге 5-сынып оқушыларына, ұйымдастырушы педагог кураторларға және секция жетекшісі: Жексенова Л.А алғысымызды білдіреміз.