Д.Қонаев атындағы №44 мектеп -гимназиясында 2024 жылдың қаңтар айында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру мақсатында ата-аналарды педагогикалық қолдау «Даналық мектебі» аясындағы секцияның “Ағасы бардың-жағасы бар” тақырыбында 5-сыныптарға 24 қаңтар күні интелектуалды сайыс өткізілді.
Мақсаты: -Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
-Оқушыларды жақсы қасиетке үйрету, жаман әдеттен жиренту арқылы адамгершілік қасиетін дамыту;
-Аға мен іні арасындағы сыйластықты арттыру;
Шараға: 5-сынып оқушыларының ағалары қонақ ретінде шақырылған болатын.
Келген қонақтарымыз ағалық қолдауларын білдіріп, интелектуалды тапсырмаларды орындауға көмектесті.
Интелектуалды шарамыз жоғарғы деңгейде өтті.
Осындай “ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП” аясындағы жобалар өз жалғасын табады.
Қатысқан 5-сынып оқушыларының ағаларына, мектеп-гимназиямыздың оқушыларына, ұйымдастырушы педагог-кураторларға және секция жетекшісі: Талапова А.Қ алғыс айтамыз.