Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2023-2024 оқу жылының "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" негізінде “Ұлттық мүдде” құндылығын дәріптеу мақсатында Ақпан – «Адалдық» Оқуға құштарлық айында "Ата -аналар мектебі" жобасы аясында "Отбасындағы ортақ тіл" әкелер апталығында 20 ақпан күні 5-сынып ұлдары мен әкелері арасында "Шаңырақтың негізгі тірегі- әке" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
-Әке мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту.
Тәрбие сағаты барысында келген әкелеріміз 5-сыныптың ұл балдарына өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Әке тәрбиесі бала үшін әрқашан маңызды, баланың болашағына да негізгі бағдар болмақ! Белсене қатысқан әкелерімізге алғыс білдіреміз